BINOM SCHOOL - ӘР БАЛА ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ

Сапасы

BINOM SCHOOL-ға мұғалімдерді іріктеу Jumys Smart Nation ірі интернет-платформасында жүргізіледі. Бұл қосымша еліміздің барлық өңірінен 270 000-нан астам оқытушыны қамтуға және олардың ішінен өз пәнінен мықтыларын таңдауға мүмкіндік береді.

Қолжетімділігі

BINOM – аралас тілде оқытатын мектептер. Мұнда оқу тегін: балалар оқуға ҚР білім беру ұйымдарының оқуға қабылдау ережелері арқылы қабылданады.

Жабдықталуы

BINOM мектептері ең жоғары стандарттарға сай салынған. Оқуға арналған құрал-жабдықтардың көлемі қарапайым мектептегінен 5 есе көп.

мектеп Нұр-Сұлтан қаласында
оқушы
мұғалім
мектеп аймақтарда
binom мектептері

BINOM

BINOM SCHOOL – BI Group инновациялық құрылыс холдингі мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асырылатын білім беру саласындағы бірегей жоба.

“AMANAT” Концепциясы

BINOM шын мәнінде оқушыларға қолжетімді және сапалы білім беруге бағытталған. Мектептердегі тәрбие үрдісі Amanat концепциясына – ұлы философ, шығыстанушы Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінде негізделген құрмет, қамқорлық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, жетілдіру қағидатына сүйенеді.

  • Сыйластық
  • Қамқорлық
  • Жауапкершілік
  • Еңбексүйгіштік
  • Жетілдіру

BINOM мектебінің жабдықталуы

Әрбір BINOM мектебі – физика, химия, биология, нано және биотехнология бойынша 127 кабинет, жетілдірілген 9 зертханасы бар 5 қабатты ғимарат. Сондай-ақ, 100 орындық кинозал, мұғалімдер мен балаларға арналған коворкинг-аймақтар, телестудия, ойын бөлмелері, смарт-сыныптар, шығармашылық эксперименттерге арналған 3D-принтер, робототехника кабинеттері, металл және ағаш ою шеберханалары, Speaking Club, TedxBinom және т.б. ұйымдастырылған. Асхана, медициналық пункт жұмыс істейді. Мектеп кітапханасында 5000-нан астам кітап, соның ішінде қазақстандық және шетелдік жазушылардың, әлемнің ең мықты классиктерінің танымал жинақтары бар. Мектепте балаларды оқыту процесі үшін стационарлық компьютерлерден бөлек ноутбуктер де қарастырылған.

BINOM мектебінің артықшылықтары

Мектептердің тағы бір артықшылығы – инклюзивті білім беру мүмкіндігі. BINOM SCHOOL-да білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы оқыту ортасы жасалды.
Екі спорт залы, ауладағы бірнеше алаң балаларға футбол, волейбол, баскетбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді. Work-out аймағы да бар.

BINOM YOUTUBE

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Балаңызды Mektep Smart Nation порталы арқылы тіркеуге болады

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:

  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
  • баланың суреті 3х4 см
  • № 065/у нысанындағы денсаулық туралы анықтама (профилактикалық егулер картасы)
  • № 026/у-3 нысандағы денсаулығы туралы анықтама

Басқа мектептен ауысу үшін:

  • Баланың туу туралы куәлігі
  • Мектептен кету талоны

Jumys Smart Nation порталы арқылы BINOM-ға жұмысқа орналасуға болады

BINOM мектебінде оқу – тегін.