«Ұлт үні – Dombyra Sound» жобасы

«Ұлт үні – Dombyra Sound» – BINOM мектептерінің оқушыларына арналған шығармашылық жоба. Жоба BINOM басқарушы компаниясының 2025–2026 оқу жылына арналған мәдени-ағартушылық іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылады.

Жобаның негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық музыкалық мұрасын насихаттау, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және патриоттық рухын қалыптастыру.

 

Жобаға BINOM мектептерінің 1–11 сынып оқушылары қатыса алады және екі негізгі бағыт бойынша өтеді:

  • Домбырада жеке орындау (дәстүрлі күйлер мен заманауи композициялар);
  • Аспаптық оркестр (домбыра жетекші рөл атқаратын үлкен ансамбльдер).
 

«Ұлт үні – Dombyra Sound» бірнеше кезеңнен тұрады: мектепішілік іріктеу және ақтық гала-концерт. Қатысушылар орындаушылық шеберлігі, сахна мәдениеті, ұлттық стиль мен заманауи элементтердің үйлесімі бойынша бағаланады.

Жоба аясында оқушылар:

  • ұлттық аспаптарды тереңірек танып-біледі;
  • сахналық тәжірибе жинақтайды;
  • командалық жұмысқа қатысады;
  • кәсіби музыканттармен шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

«Ұлт үні – Dombyra Sound» – бұл тек байқау емес, бұл ұлттық мәдениетті жаңаша форматта сезінуге, дәстүр мен заманауи өнерді ұштастыруға арналған BINOM-ның мәдени платформасы.

 

BINOM SCHOOL | 2026