BINOM SCHOOL

Біздің құндылықтарымыз BINOM мектептерінің мәдениетінің негізін құрайды және күн сайын оқушылардың, ұстаздардың және ата-аналардың іс-әрекетінен көрініс табады.
Құрмет – адамдарға, ережелерге және ортаға мұқият қарау. Мектепте бұл оқушылардың бір-бірімен сәлемдесіп, алғыс айтуынан, өзара тыңдай білуінен, буллингке жол бермеуінен, сондай-ақ оқу құралдары мен мүлікке ұқыпты қарауынан байқалады. Оқу құралдары мен мүлікке ұқыпты қарау мәдениетін жүйелі түрде дамытамыз. Ұстаздар әркімнің пікірі естілетін орта құруға талпынады, ал ата-аналармен өзара сыйластық пен серіктестік қарым-қатынасты нығайтуды басты бағыттардың бірі санаймыз.
Қамқорлық – өзгелердің жағдайын байқай білуге және әр адамның игілігін ойлауға тәрбиелеу. Біз оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетуін, қауіпсіздік ережелерін саналы түрде сақтауын және ортақ кеңістікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруды көздейміз. Сынып жетекшілері мен мамандар эмоционалдық ахуалды жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуге ұмтылады, ал ата-аналарды мектеп өміріне тарта отырып, қолдау атмосферасын бірге қалыптастыруды маңызды деп есептейміз.
Жауапкершілік – уәдеде тұру мен өз әрекеттері үшін жауап бере алатын тұлға тәрбиелеуге бағыт. Біз оқушылардың сабаққа дайын келуін, тапсырмаларды уақытында орындауын, қателіктерін мойындап, оларды түзету жолдарын іздеуін дамытуға ұмтыламыз. Мұғалімдер сабақ сапасын арттыру мен бағалаудың әділдігін қамтамасыз етуге тұрақты түрде жұмыс істейді. Мектеп әкімшілігі ашықтық қағидатын ұстанып, мониторинг нәтижелері мен жетілдіру қадамдарын жүйелі түрде талдап, жақсартуды мақсат етеді.
Еңбекқорлық – басталған істі соңына дейін жеткізу әдетін қалыптастыру. Біз оқушылардың табандылығын, жобалар мен олимпиадаларға қатысу белсенділігін арттыруға жағдай жасаймыз. Ұстаздар өз тәжірибесін жетілдіруге, жаңа әдістерді іздеуге және сапаны арттыруға үнемі ұмтылады. Мектеп ұжымы күрделі міндеттерді бірлесе шешу мәдениетін нығайтуды стратегиялық бағыт ретінде қарастырады.
Даму – үздіксіз жетілуге деген ұмтылыс. Біз оқушылардың оқу мақсаттарын саналы қоюына, сұрақ қоюына, жаңаны байқап көруіне және қателіктен қорықпауына жағдай жасауға тырысамыз. Мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдай отырып, заманауи әдістерді енгізуді жалғастырамыз. Мектеп оқырмандық және функционалдық сауаттылықты, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды (SEL) және цифрлық құзыреттерді дамыту бағытында жүйелі қадамдар жасайды. Ата-аналарды да осы процесстің белсенді серіктесі болуға шақырамыз.

BINOM SCHOOL

BINOM SCHOOL | 2026