
ҚОР ТУРАЛЫ
«Білім Болашағы» білім беру қоры 2022 жылы Қазақстан Республикасындағы мектептегі білім беру ортасын дамытуға үлес қосу мақсатында құрылды. ҚОР заманауи материалдық-техникалық базасымен қатар BINOM мектептерінің ең ірі желілерінің бірін құрайды: Астана қаласында 24 000-нан астам оқушысы бар 6 мектеп және Атырау қаласында 12 000 баланы қамтитын 3 мектеп жұмыс істейді. Биыл қор өз географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр: Атырау қаласында төртінші жалпы білім беретін мектептің құрылысы аяқталып, BINOM мектептері желісіндегі оқушылардың жалпы санын 40 000-ға жеткізу көзделген.
МИССИЯМЫЗ
«Білім Болашағы» қоғамдық қорының миссиясы – жаңа ұрпақты қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге дайындау.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ
Қазақстанның бүкіл білім беру ортасын оңтайлы әрі жүйелі дамыту мақсатында табысты мемлекеттік-жекешелік әріптестікке (МЖӘ) үлгісін қалыптастыру және мемлекеттік мектептерді басқарудың тиімді моделін құру.
- All Posts
- Білім Болашағы
Doc 1
Doc 2
Doc 3
Doc 4
Doc 5





