«Сарыарқа» шағынауданында орналасқан Атырау қаласындағы «BINOM SCHOOL» мектебіне директор бос орнына конкурс жарияланады

Мектептің ашылуы 2023 жылдың қыркүйек айына жоспарланған

Біліктілікке қойылатын талаптар

• жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
• педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл – үздіксіз педагогикалық;
• басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;
• немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы;
• осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
• қазақ және орыс тілдерін жетік білуі.

Дағдылар

• мектептің тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін басқару және әкімшілік шешімдерді жедел қабылдайтын дағдылардың болуы;
• жанжалдарды шешудің тиімді стратегиясын қолдану арқылы жанжалдарды шеше алу;
• кәсіби байланыс орнату;
• мектеп оқушыларынан құндылықтарды, жағымды көзқарас пен қарым-қатынасты түсінуді;
• коммуникативті дағдылар, тұлғааралық қасиеттер;
• дербес компьютерлік бағдарламаларды білу (Microsoft Windows, Microsoft Office, Internet).

Қосымша қасиеттері

• ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттерінің болуы;
• топта және өз бетінше жұмыс істей білуі;
• ойлау икемділігі, орын алған жағдайды сыни тұрғыдан бағалау, өзгермелі жағдайларға бейімделу қабілетінің болуы;
• аналитикалық, кәсіби қасиеттері;
• стресске төзімді болуы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер келесі құжаттарды 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін binom-hr@bi.group электронды поштасына жолдауы керек:
1) қосымшаға сәйкес өтініштер;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) электрондық пошта мен байланыс деректері көрсетілген түйіндеме;
4) еңбек кітапшасының, еңбек шартының немесе жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату туралы бұйрықтардан үзінділер (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізімі) көшірмесі;
5) жоғары білім туралы дипломдардың және ғылыми дәрежелердің (бар болса) көшірмелері ;
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
7) тілді меңгеру сертификаттарының көшірмелері (бар болса);
8) біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
9) 3х4 көлеміндегі 1 фотосурет;
10) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
11) наркологиялық диспансерден анықтама;
12) психиатриялық диспансерден анықтама;
13) туберкулезге қарсы диспансерден анықтама.

ӨТІНІШ ФОРМАСЫ