НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

1 сәуірде Астана және Атырау
қалаларындағы BINOM мектептерінің 1 сыныптарына қабылдау басталады.

Оқыту тілі: қазақ, орыс.

Астана мен Атырау қаласындағы BINOM мектептерінің мекенжайлары:

Астана қ., Әл-Фараби көш., 9/5, @binom.myrzaali;
Астана қ., Шафик Чокин көш., 5, 
@binom.bokeihan;
Астана қ., А.Байтұрсынов көш., 49А, 
@binom.baitursynuly;
Астана қ., Әл-Фараби көш., 40А, 
@binom.satbayev;
Астана қ., Төле би көш., 42, 
@binom.altynsarin;
Астана қ., Т.Рысқұлов көш., 20, 
@binom.kekilbayev.
Атырау қ., Тұяқберді Шамелов көш., 1 @binom.alfarabi
Атырау қ., Әлия Молдағұлова көш., 193 @binom.konayev 

Құжаттарды онлайн форматта https://egov.kz/ немесе https://mektep.snation.kz сайттары арқылы тапсыруға болады. Өтінімді тек бір сайт арқылы бере аласыз.

Өтініштер кезек тәртібімен өңделеді, мектепке қабылдау бос орындардың болуына байланысты жүзеге асырылады.

Өтінімді порталы https://egov.kz/ арқылы берген жағдайда:

1.    Жеке кабинетіңізге кіріңіз.

2.    Басты бетте «Білім» бөлімін таңдаңыз.

3.    Кейін «Орта білім» бөліміне өтіңіз.

4.    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту
үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау

 

Өтінімді https://mektep.snation.kz порталы арқылы беретін болсаңыз:

1.    Сайтта тіркеліңіз

2.   Басты бетте «Мәзір» батырмасынан «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдаңыз.
Қызметпен танысып, «Мектепке қабылдау» бөліміне өтіңіз.

3.   «Қосу» деген батырманы басу арқылы «Қызметке онлайн тапсырыс беру» ашылады.

4.   Сіздің ауданыңыз бойынша ұсынылған білім беру ұйымының каталогынан қажетті
мектепті таңдаңыз.

5.    Электронды өтінішті толтырып, 2024-2025 оқу жылында бала оқитын сыныпты таңдап, баланың келесі құжаттарын жүктеңіз:

*баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

*баланың 3*4 фотосы (скан, фото);

*мед.анықтама 065/у (Денсаулық жағдайы туралы анықтама)

*мед.анықтама 026/у-3 (Денсаулық паспорты)

Өтінішті жолдаңыз және оны тексеру нәтижесін күтіңіз.

mektep.snation.kz порталындағы жеке кабинетіңізге өтінішіңіздің мәртебесі өзгергені туралы хабарлама келеді.

Өтінімдер дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00 мен 17.00 аралығында өңделеді.  

https://egov.kz/ – бұл мемлекеттік қызметтер сайты болғандықтан, өтінімдер 1 сәуірде сағат 00.00-ден бастап қабылданады. https://mektep.snation.kz сайтына да сол уақыттан бастап өтінімдерді жолдауға болады. Ал өтінімдерді өңдеу 1 сәуірде сағат 09.00-ден басталатындығын хабарлаймыз. 

BINOM мектептерінің қызмет көрсету аумағына қарасты тұрғын үйлер тізімі
Астана қаласының және Атырау облысының білім басқармаларымен бекітіледі.